Әлем таныған ұлы Абай
09.10.25 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында«Білім беру және гуманитарлық зерттеулер»факультетінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған ұлы Абай» атты танымдық интеллектуалды сайыс өтті.Сайысқа факультет деканы А. Куралбаева, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Б.Әлібай,кітапханашы Ш.Қуанышбаева төрелік етті.Ұлы ақынның 17-ші қарасөзін негізге ала отырыпГБП-411,412,413, ГПП-411 топтарының білімгерлері керемет ой саларлық көрініс жасады.Басқа білімгерлер ұлы Абайдың қара сөздерін жарыса жатқа айтты. Аталған іс-шараға орай, кітапхана тарапынан ауқымды, танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінің мақсаты – Ұлы ақын мұрасын насихаттау, оның «қара сөздері» арқылы білімгерлерге ой салу, білім алуға деген құштарлық сезімін арттыра отырып, рухани тәрбие беру, бойларына танымдық қасиеттерді дарыту.