Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

КІТАПХАНАДА «АҚПАРАТ КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

12.02.2024 TR 2
КІТАПХАНАДА «АҚПАРАТ КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін кітапханада «Ақпарат күні» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстыру.
Жиынға білім беру бағдарламасының талаптары негізінде кафедралардан берілген ұсыныстар бойынша сатып алынған кітаптармен танысуға оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Кітапханамыз «Қазақ филология», «Орыс тілі және әдебиет», «Ағылшын филологиясы және аударма ісі», «Педагогикалық шетел тілдері», «Биология», «Дінтану», «Философия» кафедраларының сұранысындағы кітаптармен толығымен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта кафедра ұсыныстары бойынша өзге де оқулықтармен толықпақ.

Paylaş:
HABERLER