Әр аптада бір шығарма
Әр аптада бір шығарма Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында «Оқуға құштар университет» аясында «Әр аптада бір шығарма» айдарымен отандық жазушыларымыздың еңбектерін кеңінен насихаттау, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін, оқыған шығарманы талдау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында апта сайын іс-шара ұйымдастырылуда.
6.11.2024 ж. Д.Исабеков «Гауhартас» шығармасы талданды. Әр білімгердің осы шығармадан түйген ойын ашық айтып, толыққанды талқылануы мақсатында білімгерлерді екі топқа бөліп пікір-сайыс түрінде өткізілді. Білімгерлер бұл өткізіліп жаткан іс-
шараларға өте үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысуда.Ыбыш,Қайрекең,Салтанат бейнелері арқылы Д.Исабековтің шеберлігін таныды.