Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

ОҚУ ОРДАМЫЗДА «БОЛАШАҚ ПРОКУРОР КЕҢІСТІГІ» АШЫЛДЫ

22.11.2024 TR 3
ОҚУ ОРДАМЫЗДА «БОЛАШАҚ ПРОКУРОР КЕҢІСТІГІ» АШЫЛДЫ

Бүгін университетімізде Прокуратура органдарының бастамасымен – «Болашақ прокурор кеңістігі» ашылды. Сондай-ақ, Түркістан облысы прокуратурасы мен оқу орда арасында меморандум түзілді.

Басты мақсат – университет пен прокуратура арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Осы саланың жұмысын студенттер назарына жеткізіп, білімді де білікті студенттерді тарту.

ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің басшысы Аида Ануар мен академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова «Болашақ прокурор кеңістігін» салтанатты түрде ашып, лентасын қиды.

Университет кітапханасының 2-қабатында ашылған «Болашақ прокурор кеңістігінде» құқық қорғау саласына қатысты әдебиеттер мен прокуратураның тарихи құжаттары, сала қызметкерлерінің еңбектері қойылған.

Келесі кезекте, Түркістан облыстық прокуратурасы мен оқу ордамыздың арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы мен вице-ректор Эльмира Идрисова қол қойды.

Меморандумның мақсаты – облыс прокуратурасы мен университет арасында тығыз байланыс орнатып, «Құқықтану» мамандығы бойынша жақсы және үздік бітірген студенттердің кәсіптік практикасын өткізу мен өзге де бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.

Салтанатты рәсімдерден соң, қадірлі қонақтар «Құқықтану» мамандығының студенттерімен кездесу өткізді.

Кітапхана әкімшілігі             

Paylaş:
HABERLER