Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

Бейімбет Майлиннің «Талақ», «Әже» әңгімелерін талдау

22.11.2024 TR 3
Бейімбет Майлиннің «Талақ», «Әже» әңгімелерін талдау

   Әр аптада бір шығарма Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында  «Оқуға құштар университет» аясында «Әр аптада бір шығарма» айдарымен отандық жазушыларымыздың еңбектерін кеңінен насихаттау, оқырмандар арасында кітап оқу
мәдениетін, оқыған шығарманы талдау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында апта сайын іс-шара ұйымдастырылуда.
         20.11.24 ж. Бейімбет Майлиннің «Талақ», «Әже» әңгімелерін талдау Бейімбет Майлиннің15-қараша 130 жасқа толуына орай «Бейімбет — сөз зергері» атты кітап талдау кеші өтті.
          Оның шығармалары өзекті әлеуметтік бағыттылығымен және терең психологиялық талдауымен ерекшеленді. Жазушы әңгімелерінде өз заманының шындығын мәлімдеп, қоғам тіршілігінің көрінісін реалистік тұрғыда көрсеткен дара тұлға. Шығармалары мен өлеңдерінің кейіпкерлері арқылы халықтың мұңын, өмірін суреттеп қана қоймай,
өз терең ойлары мен ұстанымдарын жеткізе алған.
          Әр білімгердің осы шығармадан түйген ойын ашық айтып, толыққанды талқылануы мақсатында білімгерлерді екі топқа бөліп пікір-сайыс түрінде өткізілді. ФҚӘ-211 тобының білімгері Балқожа Шұғыла «әже» әнгімесінің желісінде әдемі поэзия
сыйлады. Өткізіліп жаткан іс-шараларға білімгерлер өте үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысуда.

Кітапхана әкімшілігі     

Paylaş:
HABERLER