Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

Тектілігін танытқан тұлға

13.11.2025 TR 3
Тектілігін танытқан тұлға

12.11.2025 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің  Серік Пірәлиев атындағы  конференция залында  саналы ғұмырын сапалы білім беру жолына арнаған, бірегей тұлға  Серік Жайлауұлы Пірәлиевті еске алуға арналған «Түркістанның төл перзенті» атты үлкен жиын өткізілді. Ғалымның рухына тағзым етіп, ер есімін – ел есінде сақтау, еңбегін насихаттау мақсатында университет кітапхананасы «Тектілігін танытқан тұлға » атты кітап көрмесін қойды. Көрмеге ұстаздың өмірбаяны, еңбектері, ол кісі жайлы жазылған жылы лебіздер, ғалымның басқаруымен шығарылған басылымдар қойылды. Жиынға ғалымның жұбайы, отбасы, ағайын туыстары, жора – жолдастары,  Серік Жайлауұлының тұсында университет қабырғасында жұмыс жасаған қызметкерлер  жиналып  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлағатты ұстазды еске алды. Жиын соңында химия ғ.к., пед.ғ.д., ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиев жайындағы «Жайсаң жан», «Өнегелі өмір»  атты кітаптар және ғалымның «Бәсекеге қабілетті білім үшін» атты еңбектері университет кітапханасына сыйға берілді.

Paylaş:
HABERLER