Kütüphane Yönetim Haberler Bilimsel yayınlar Sohbet botu

Tüm haberler

Kütüphane haberleri ve etkinlikleri

Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары

14.11.2025 TR 2
Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары

14.11.2025 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің  «Филология факультеті» ғимаратында  белгілі әдебиеттанушы  ф.ғ.д., профессор Жұмабай Әбіл  атындағы дәрісхана ашылды. Аталған іс-шараға орай, әдебиет ғылымында ойып алар орны бар, комедия теориясының негізін салушы, әдебиет ғылымына отыздан астам жаңа термин енгізген нағыз әдебиетші – маман ғалымға арналған «Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары» атты ғылыми конференция өткізілді. Университет кітапхананасы конференция тақырыбына сәйкес ауқымды кітап көрмесін қойды. Ғалым жайлы толық мағлұмат беру мақсатында  көрмеге өмірбаяны, ғылыми еңбектері, ол кісі жайлы жазылған жылы лебіздер, ғалымның басқаруымен шығарылған басылымдар, конференция қонақтарының еңбектері қойылды. Еске алу кешіне  ғалымның жұбайы, отбасы, ағайын туыстары, жора – жолдастары, шәкірттері, әріптестері қатысты. Жиын соңында Жұмабай Әбілдің  «Қазақ комедиясының генезисі мен жанрлық негіздері», Жабал Шойынбеттің «Дарынға тән даралық»  атты естелік, эссе, мақалалар енгізілген  кітабының тұсауы кесіліп, университет кітапханасына сыйға берілді.

Paylaş:
HABERLER