Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері
9 ақпан күні қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапхананың әдебиет бөлімінде «Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері» атты тағылымы терең әдеби-поэзиялық кеш өтті. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен білімгерлер ақынның өнегелі өмір жолына шолу жасап, жүрекке жақын өлеңдерін бірге талдап, әр шумақтан туған сырлы әсерлерімен бөлісті.
Поэзия мен тағдыр үндескен бұл рухани кеште кітапхана ұжымы ақынның «Бақыт деген не өзі» өлеңіне арналған челлендж ұйымдастырып, жыр арқылы ой толғады. Кеш соңында қатысушылар бірлесе ән шырқап, Мұқағали жырының мәңгілік рухын сезініп, көңілге жылы, жүрекке жақын әсермен тарқасты.
Галерея