Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Университет кітапханасында кітап жәрмеңкесі өтті

14.04.2026 KZ 0
Университет кітапханасында кітап жәрмеңкесі өтті

Бүгін университет кітапханасында «Қасым» кітап баспасының кітап жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жәрмеңкеде оқырмандарға сапалы әрі мазмұнды кітаптар ұсыну және жаңадан сатылымға шыққан кітаптармен таныстыру. Оқырманның кітап қорын әдеби кітаптармен толықтыруына мүмкіндік беру. Бұл бастама – студенттер мен оқытушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға да бағытталған. Жәрмеңкеде кітап оқуға құштар студенттер, өздеріне бейтаныс кітаптың мазмұнымен танысты. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінде оқуға ұсынылған кітаптарды сатып алды. Жәрмеңке сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін «Қасым» кітап баспасы кітап жәрмеңкесін Филология факультетінде және №3 оқу ғимаратында ұйымдастырды. Ертең, сәуір айының 14 күні Өнер, медиа және дизайн факультетінде және 20 сәуір күні Инженерия факультетінде кітап жәрмеңкесі өтеді. Жалпы, «Қасым» кітап баспасының кітап жәрмеңкесі университет кампустарында әр семестр сайын тұрақты түрде өткізіледі. «Кітап сыйла акциясы» бойынша «Қасым» кітап баспасы «Ақбілек», «Әйел махаббаты», «Балаларға арналған әңгімелер», «Сүлеймен патшаның кеніші» кітаптарын сыйға тарту арқылы университет кітапхана қорын толықтыруға өз үлесін қосуда.


 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР