Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

17.04.2026 KZ 1
23 сәуір – Ұлттық кітап күні

Бүгін университет кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап сыйлау акциясы» ұйымдастырылды. Бұл шараға филология, спорт, жаратылыстану факультетінің  оқытушылары мен студенттері қатысты.   Мерекелік кеш аясында қатысушыларға арналған «Кім жылдам» атты  интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, әдеби, логикалық  сұрақтар қойылды. Білім мен тапқырлық сынға түскен бұл сайыстар білімгерлердің белсенділігін арттырып, кітапқа деген қызығушылығын оятты. Шара барысында үздік жауап берген қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, игі дәстүрге айналған кітап сыйлау акциясы да назардан тыс қалмады. Қатысушылар кітапхана қорын толықтыру мақсатында түрлі мазмұндағы кітаптарды тарту етіп, рухани қазынаны байытуға өз үлестерін қосты. Ерекше атап айтсақ,  «Стоматология»  факультетінің деканы ғылым кандидаты Татыкаева Угилжан Бурхановна іс-шараға өз үлесін қосу мақсатында арнайы келіп, құттықтап, құнды екі кітапты сыйға тартты.

Аталған іс-шара – кітаптың құндылығын насихаттап, жастарды білім мен оқуға баулуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.


 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР