Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Түркиялық іс-сапар нәтижесін қорытындылау

04.01.2026 KZ 2
Түркиялық іс-сапар нәтижесін қорытындылау

04.01–11.01.2026 жж. аралығында ОПҚ мен университет қызметкерлері құрамында Түркия Республикасына іс-сапармен барған университет кітапханасының директор орынбасары Нысанбаева Алтынай бүгін кітапхана ұжымына өзінің іс-сапар барысында көрген әсерлі, қызықты естеліктерімен бөлісті. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ашқан мега жоба — Президенттік ұлттық кітапхана туралы, Гази, Хаджетепе, Қажы Бекташ Вели университеттерінің кітапханаларында болып, әріптестермен жүздескендігі жөнінде өте әсерлі айта отырып, алған тәжірибелерін салыстырмалы түрде баяндады. Бұл кітапханалар өзінің 100 жылдық тарихымен, оқырмандарының көптігімен, әрбір білім саласына сәйкес алынған электронды ресурстарының байлығымен, жетілген автоматтандырылған жүйелерімен ерекшеленетінін атап өтті.

Делегация мүшелерін университетіміздің Өкілетті кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек мырза Анкарадағы Қазақ-түрік университетінің қамқоршылық кеңес төрағасы отыратын кеңсесінде арнайы қабылдап, барлық қызметкерлерге университет дамуына қосқан үлестері мен адал еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Іс-сапардан оралған делегация мүшелері университет ректоры Жанар Амангелдіқызының қабылдауында болып, университет ректорлары берген сәлемдемелерін табыстап, алған әсерлерімен бөлісіп, осындай мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Жанар Амангелдіқызы барлық қызметкерлерге алдағы уақытта да еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін білдіріп, естелік суретке түсті.


 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР