Университетімізде сенат депутаты Дархан Қыдырәлімен кездесу өтті
28.11.2025 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, университетіміздің Өкілетті кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлімен «Түркістан рухы» тақырыбында Академиялық клубтың кезекті отырысы өтті. Жиынға оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.
Аталған іс-шараға орай, кітапхана екі кітап көрмесін ұйымдастырды. Бірінші көрме «Түркістан Рухы» деген атпен аталып, Түркістан тарихы жайлы кітаптар мен ғылыми зерттеулер қойылса, екінші көрмеге Д.Қыдырәлінің өмірбаяны мен еңбектері қойылды. Дархан Қыдырәлі университет кітапханасы қорына өзінің «Нүкте философиясы» атты публицистикалық ой-толғамдар кітабын, «Тамыр», «Абыздар аманаты» атты еңбектерін сыйға тартты. Сонымен қатар, іс-шара барысында белсенділік танытқан студенттерге де қолтаңбасы қойылған еңбектерін сыйға беріп, естелік суретке түсті.
Галерея