Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Ұлы даланың ұлы тұлғасы

02.03.2020 KZ 0
Ұлы даланың ұлы  тұлғасы

27.02.2020 ж.  университетіміздің Ақпараттық-ресурстық орталығында Студенттік кеңес және кітапхана қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай  “Ұлы даланың ұлы  тұлғасы” атты конференция өтті. Кешті студенттік кеңестің  басшысы А.Айсана ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында білімгерлерге  Абу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша бейнематериалдар көрсетілді.

Білімгерлер аты әлемге әйгілі, ұлы ғұламаның өмір жолы жайлы сыр шерте отырып,  ғалымның философия, социология, астрономия, математика, ботаника, физика, музыка салаларын зерттеу нәтижесінде  ғылымға қосқан үлесі жайлы баяндамалар оқып,  өз мамандықтары бойынша қорғап шықты.

Гуманитарлық факультетінің білімгерлері Ескендір А., Алиасқар Б., жаратылыстану факультеті  Атабек А., Әзімхан П.,әлеуметтік ғылымдар факультетінен  НазарТ., Қабыл А. білімгерлер үздік  деп танылып, марапатталды. Кеш соңында қатысушылар кітап көрмесі жанында  естелік суретке түсті.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР