Хабарландыру!
Құрметті оқытушы – профессорлар құрамы және білімгерлер!
Сіздерге 03.02.2025 бастап 24.02.2025 аралығына дейін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті үшін JoVE Video Journal ресурсына тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.
Платформаға кіру үшін сілтеме: https://app.jove.com/
JoVE-әртүрлі зерттеу және эксперимент әдістерін көрсететін жоғары сапалы бейне материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірегей ресурс. JoVE әлемдегі ең жақсы зертханалардың ғылыми эксперименттерінің бейнелерін жасайды және жариялайды. Ғалымдарға, оқытушыларға және студенттерге мәтіндік мақалаларда оқудың орнына озық эксперименттердің күрделі бөлшектерін көруге мүмкіндік береді
JoVE Video Journal-әлемдегі алғашқы рецензияланған бейне журнал, оның мазмұны PubMed, Web of Science, Scopus, Medline-да индекстелген.
JoVE өнімдер мен зерттеулер озық әдістер мен технологияларды терең түсінуді және қолдануды талап етеді. JoVE біздің студенттер мен профессорларға инженерлік ғылымдар, биология, химия, бизнес және медицина сияқты әртүрлі салалардағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге көмектесетін бейнематериалдарды ұсынады.
Кітапхана әкімшілігі