Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Елі барда – ер есімі өшпейді

04.04.2025 KZ 3
Елі барда – ер есімі өшпейді

Cәуір айының 4-ші жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи университеті кітапханасында қазақ спорт тарихында есімі алтын әріптермен жазылған – Бекзат Саттархановтың 45 жас мерейтойына арналған «Елі барда – ер есімі өшпейді» атты көрме ұйымдастырылды.

Бұл көрме –Бекзаттың жарқын бейнесін, оның армандары мен жетістіктерін, халқына деген махаббатын еске түсіретін тағылымды шара. Көрмеде даңқты спортшының спорттық жолы, балалық шағы, жеңісті сәттері және бізге қалдырған мұрасы көрініс табады. Бекзат – қазақтың қайсар рухының символы. Оның есімі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдік спорт аренасында мақтанышпен аталады. Университет білімгерлері көрмеге қойылған кітаптармен, естелік суреттермен танысып, көрме аясында суретке түсті.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР