Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Қ.А.Ясауи университетінде Кітапханашылар күні аталып өтті

28.10.2025 KZ 3
Қ.А.Ясауи университетінде Кітапханашылар күні аталып өтті

24 қазан күні  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасында Кітапханашылар күніне арналған мерекелік іс-шара  арнайы дайындалған видеороликте университет ректоры Жанар Амангелдіқызының  кітапхана қызметкерлеріне  арнаған құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шараға универитетіміздің Академиялық мәселелер  вице-ректоры  Э.К.Идрисова арнайы келіп қатысып, кітапхананың  адам өмірінде алатын орны, университетімізде  болып жатқан оңды ісімізде кітапхана қызметкерлерінің қосқан үлесі жайында жылы лебізін білдіріп, кітапханашыларды мерекесімен  құттықтады. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры А.М. Бостанова да кітапхана ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ән айтылып,би билеп, өлеңдер оқылған  кешті ұйымдастырған кітапхананың  жас мамандары мен білімгерлері кітапханашылар мен қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.  Концерттік бағдарлама барысында вице ректор Э.К. Идрисова барлық кітапханашыларға өз тарапынан дайындалған, арнайы  сый-сияпатын жасады. Кеш соңында  Кітапхана директоры М. Абсеметова мен кітапхана директорының орынбасары А. Нысанбаева келген қонақтарға, шараны ұйымдастырған қызметкерлер мен белсенді білімгерлерге алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтарға кофе мен шай ұсынылып, ерекше әсерде тарасты.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР