Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш ғалымы
29.10.2025 ж. Университет кітапханасының «тарих» оқу залында кітапханашылармен «Білім беру және гуманитарлық зерттеулер» факультеті біріге отырып ғалымның туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш ғалымы» атты дөңгелек үстел өткізді. Тақырыпқа сай Шоқан Уалихановтың еңбектерін дәріптеген ауқымды кітап көрмесі қойылды. Іс-шара барысында кітапханашылар көрмеге қойылған кітаптары мен ғалымның сапары барысындағы қызықты мәліметтерімен таныстырды. Жиынға қатысып отырған ТТА-211 тобының білімгерлерімен оқытушысы, доцент PhD Қ.Базарбаев ғалымның өмірбаяны, шығыстану саласына қосқан үлесі, ғалымның отбасы жайында көптеген қызықты деректермен бөлісті. Дөңгелек үстел қызықты, әрі тартымды өтті. Шара соңында барлық қатысушылар Шоқан Уәлихановқа арналған көрме аясында естелік суретке түсті.