Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Кітапханада ауызашар берілді

10.03.2026 KZ 1
Кітапханада ауызашар берілді

5 наурыз күні университет кітапханасының 1-қабатында 50 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылды. Рамазан айының берекелі кешінде жиналған студенттер мен қонақтар ауыз ашып, бір дастархан басында бас қосып, жылы әрі рухани әсерге толы уақыт өткізді.
Ауызашардан кейін қасиетті Құран оқылып, жиналған қауымға дұға бағышталды. Іс-шара барысында қатысушылар Рамазан айының мән-маңызы туралы ой бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді. Кеш соңында студенттерге сарқыт таратылып, дастарханның берекесімен бөлісті.
Сонымен қатар, шара соңында кітапхананың арнайы безендірілген фотоаймағында қатысушылар естелік суретке түсіп, рухани кештің әсерлі сәттерін есте қалдырды. Ауызашар кеші студенттерге бірлік пен сыйластықтың маңызын сезіндірген тағылымды кеш болды.


 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР