Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Қазақтың Қыз Жібегі-Меруерт Өтекешовамен кездесу

27.02.2026 KZ 13
Қазақтың Қыз Жібегі-Меруерт Өтекешовамен кездесу

 

26. 02. 2026 ж. университет кітапханасының конференция залында қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті өкілі, қазақ қызының символына айналған «Қыз Жібегі» —  Меруерт Өтекешова  университеттің  оқытушы-профессорлары  және студенттерімен кездесті.

Еркін форматта өткен жүздесу барысында актрисаның сахна мен кино саласындағы сан жылдық шығармашылық жолына шолу жасалып, өнердегі өнегелі ізі мен рухани мұрасы жайлы әсерлі әңгіме өрбіді, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сахна сырлары мен өнер жолындағы тағылымды ойлармен сусындады.

26 ақпан күні туған күні аталып өткен актрисаны оқырмандар мен әріптестер шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс,  ұзақ ғұмыр тіледі.

Кездесуден соң Меруерт ханым кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, «Лебіз кітабына» өзінің ізгі тілегін жазып қалдырды.

 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР