14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасы іс-шара ұйымдастырды.
Бұл акцияның басты мақсаты — қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың бойында кітап оқу, сыйлау арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру. Ерекше сыйлық болып қала беретін осынау кітап мерекесін кітапхана қызметкерлері ерекше форматта атап өтуді жөн көрді. Әр түрлі шығармалар желісі бойынша сұрақтар құрастырып, kahoot форматында іс-шараға келген оқытушылар мен білімгерлер арасында ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Осылайша , кітап оқу мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыру
акциясын жалғастырған ерекше күн болды. Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайык!
Галерея