Кітап талдау — ой мен пікір тоғысқан сәт
2026 жылдың 30 қаңтарында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің «Тіршілік» шығармасы бойынша “Филология” және “Журналистика” мамандығы бойынша білім алатын білімгерлер арасында мазмұнды кітап талдау шарасы өтті.
Талқылау барысында шығарма идеясы, кейіпкерлер әлемі, адам тағдыры мен қоғам мәселелері жан-жақты сараланып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен белсенді түрде бөлісті.
Кітап талдауға: — “Өнер, медиа және дизайн” факультетінің оқытушысы Жанна Жайлаубайқызы,
— “Филология” факультетінің оқытушысы Жанат Ергөбек қатысып, кәсіби көзқарас пен терең әдеби талдау жасады.
Кездесу соңында келесі кітап талдауға Жанна Жайлаубайқызы Қ.Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» шығармасын оқуға ұсынды. Аталған туынды алдағы әдеби кездесуде талқыланатын негізгі шығарма ретінде белгіленді.
Галерея