Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Университет кітапханасында тағылымды кездесу өтті

27.01.2026 KZ 2
Университет кітапханасында тағылымды кездесу өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында ф.ғ.д., профессор, Қазақстандағы тіл білімі  мен жоғары білім жүйесінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым , әрі мемлекет қайраткер  Әділ  Құрманжанұлы  Ахметпен  мазмұнды  әрі тағылымды кездесу өтті. Өмірін білім мен қоғамдық қызметке арнаған ғалым университет кітапханасының тыныс-тіршілігімен танысып, оның жұмысын жоғары бағалады.  Кітапхана қызметінің деңгейі шетелдік жетекші кітапханалармен тең дәрежеде екенін атап өтіп, кітапхана ұжымына өзінің ізгі тілегін білдіріп, естелік жазба қалдырды.   Қадірлі қонақтың жоғары бағасы мен жылы лебізі университет кітапханасы ұжымы үшін үлкен құрмет әрі алдағы уақытта да сапалы, заманауи қызмет  көрсетуге зор  мотивация берері  сөзсіз.

Университетіміздің кітапхана  қорына  сыйға  бірнеше  кітаптар табыстады.

 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР