Хабарландыру
Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушылар!
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті үшін EBSCO дерекқорының DynaMed медициналық ресурсына 1 жыл мерзімге тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.
DynaMed – дәлелді медицинаға арналған сенімді ақпараттық ресурс. Платформа клиникалық шешім қабылдауда көмектесетін жаңартылған ғылыми деректерге, толық мәтінді материалдарға, нұсқаулықтарға және заманауи медициналық ақпараттарға жедел қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Платформаға кіру сілтемесі: https://search.ebscohost.com