Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

02.03.2020 KZ 0
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ –де   Абай Құнанбайұлының туғанына 175- жыл толуына орай, «Қазақ руханиятының жарқын бейнесі – Абай» атты апталық  басталды. Аталған іс-шараға орай 25.02.2020 ж. университеттің Ақпараттық-ресурстық орталығының «Әдебиет» оқу залында  «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»  атты тақырыпта ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылып,  дөңгелек үстел өткізілді. Шарада ФҚФ-711, ФЖК-711, ФҚӘ-811, ФҚӘ-911 топтарының  білімгерлері өте белсенді қатысып,  ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұралары жайында пікір алмасып, поэма, әңгімелері , өлеңдері, қара сөздері талданды. Абай – озық мәдениеттін насихаттаумен қатар  әлеуметтік-азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері «өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп төрелігін өзі шешкен ұлы Абайдың  бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге екендігін көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР