Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Кітапханада «Ақпарат күні» өтті.

05.09.2025 KZ 2
Кітапханада «Ақпарат күні» өтті.

Басты мақсат – кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстыру.

Іс-шараға білім беру бағдарламасының талаптары негізінде кафедралардан берілген ұсыныстар бойынша сатып алынған кітаптармен танысуға декандар мен кафедра меңгерушілері және студенттер қатысты.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында  кітапхана қорына – 5000-ға жуық кітап қосылды. Факультеттердің сұранысы 100 % орындалып, кітапхана жаңа оқулықтармен толықты. 

2025-2026 жаңа оқу жылы да кітап сүйер студенттер мен оқытушы-профессорлар қауымы үшін қуанышты жаңалықтармен басталды. «Білім беру және гуманитарлық зерттеулер», «Заң», «Медицина», «Стоматология»  факультеттерінің және «Педагогикалық шетел тілдері» кафедрасының сұранысы бойынша – 320 кітап сатып алынды.    

Сонымен қатар, жылдағы дәстүрге сай 1-курс студенттерін кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсия өтіп жатыр. Студенттер экскурсия барысында кітапхана қызметі және ережелерімен танысады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды асыға күтеді! 

 

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР