Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

ф.ғ.к., профессор Ш.Ибраевтың университет кітапханасына тартуы

13.10.2025 KZ 2
ф.ғ.к., профессор Ш.Ибраевтың университет кітапханасына тартуы

ф.ғ.к., профессор Ш.Ибраев  университет кітапханасына  өзінің жеке кітапханасын (барлығы – 3000-ға жуық кітаптар, журналдар) сыйға тартып  02.10.2025 ж. залдың ашылу салтанаты өтті. Қорда ғалымның  өзінің жазған еңбектері, сонымен қатар өмірбойы жинаған, сыйға алынған өзге еңбек авторларының, ғалымдардың қолтаңбаларымен  кітаптары беріліп отыр. Түркологияға байланысты кітаптары, этнография, фольклор, тілтану, әдебиеттану,  көркем әдебиет, өнер, тарих, түрлі сөздіктер, философия, энциклопедиялар, т.б. салалардағы кітаптары қазақ, түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз, башқұрт, ұйғыр, татар, араб, тува, т.б. тілдерінде қабылданып оқу залының көркін ашып отыр.  Сонымен қатар  1937,1938,1940 – шы жылдары шыққан  «Қазақ совет әдебиеті», «Әдебиет хрестоматиясы» т.б ескі басылымды  кітаптар қоры да бар. Университет кітапханасына берілген бұл қор оқытушы – профессорлар, ізденушілер және білімгерлер үшін білімнің таптырмас қайнар көзі болатындығына сеніміміз мол.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР