25 қазан Республика күні
25 қазан – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи күн. Егемендіктің, тәуелсіздік идеясының бастауы болған осы мереке қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің кітапханасы екі бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды. Басты мақсат – білімгерлерді туған елін, жерін, тарихын, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық рухты қалыптастыру, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу.