“Ақпарат күні” өткізілді.
30.10.2025 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің кітапханашылары Төребекова К. мен Қуанышбаева Ш. жаңа түскен кітаптар мен қызықты әдеби шығармалар топтамасынан құралған әдебиеттерді алып барып «Өнер, медиа және дизаин» факультетінде музыкалық білім, дизаин,қолөнер,журналистика салалары бойынша “Ақпарат күнін” өткізді. Шара барысында кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубының жұмысымен таныстырып, студенттерді клубқа мүше болуға, “Оқуға құштар университет” аясындағы әр аптада бір шығарма айдарымен өткізілетін дөңгелек үстел кештеріне қатысуға шақырды.Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар қорымен таныстыру.