Кітапхана Әкімшілік Жаңалықтар Ғылыми басылымдар Чат-бот

Барлық жаңалықтар

Кітапхана жаңалықтары мен іс-шаралары

Заң – тәртіп пен әділеттіктің негізі

18.11.2025 KZ 3
Заң – тәртіп пен әділеттіктің негізі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заң мен тәртіп қағидаты: қоғамның тұрақтылығы мен жастар жауапкершілігі» тақырыбында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов пен Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Осыған орай, кітапхана «Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі» атты кітап көрмесін қойды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, заңнаманың тарихи қалыптасуы, құқық саласының көрнекті тұлғалары туралы әдебиеттер, әділдік принциптері және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған заманауи басылымдар қойылды.
Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң үстемдігін дәріптеу және қоғамдағы әділеттілік құндылықтарын нығайту.

Бөлісіңіз:
ЖАҢАЛЫҚТАР