Қош келдің, әз Наурыз!
20-Наурыз күні кітапханада қос мерекенің шуағы қатар төгілді. Ораза айт мерекесінің алғашқы күні мен Наурыз мейрамы аясында кітапханаға келген барлық қызметкерлермен студенттерге арнап кең ақ дастархан жайылып, ұлттық дәм – наурыз көже мен бауырсақ таратылды.
Кітапханаға келген оқырмандар мерекелік дастарханнан ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана ұжымына шынайы алғыстарын айтып, ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті. Бұл игі шара бірлік пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің жарқын көрінісіне айналды.
Галерея