Бір дәуірдің қос үні
2025 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі қаламгердің Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармаларына арналды. Әдебиет саласында өзіндік ойып алар орны бар қос тұлғаның шығармашылығын дәріптеп, оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 31.10.2025 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасы мен «Филология» факультетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Бір дәуірдің қос үні» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елім» атты туындысымен рухты басталып, ФҚӘ-511(а), ФҚӘ-511(б) топтарының білімгерлері ақынның өлеңдерін жатқа оқып, мазмұндық талдау жасап, аға оқытушы, ф.ғ.к. Р.Байымбетовамен бірлесе отырып шығармашылық иесінің әдеби болмысын жан-жақты ашуға тырысты. Сондай-ақ, қазақ прозасының көрнекті өкілі Тәкен Әлімқұловтың «Махаббат тұрағы қайда» атты әңгімесіне толыққанды әдеби талдау жүргізілді. Кітапханашылар тарапынан қос тұлғаның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар Ш.Қуанышбаева, А.Қожахмет қаламгерлердің әдеби мұраларымен терең танысуға шақырды. Әдебиетті сүйетін жастардың басын қосқан тағылымды кездесу мазмұндылығымен ерекшеленіп, қатысушыларға зор әсер қалдырды.